ЖАҢА БЕЛЕСТЕР ЖОЛЫНДА
2023 жылғы 18 тамыз күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Дархан Біләловпен кездесті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Дархан Нұрланұлы Орталыққа арнайы келіп, жұмыс барысымен танысты.
Бас директор Мақпал Жұмабай атқарылып жатқан іргелі істер мен ілгеріге жоспарланған мақсаттармен кеңінен таныстырды. Кездесу барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері мен тиімді технологияларын тәжірибеге енгізу жайы жан-жақты сөз болды. Соның ішінде, тіл синтезін әзірлеуге қатысты мәселелер қызу талқыланды.
Ашық пікір алмасу бағытында өткен бұл кездесу жаңа белестерді бағындыруға түбегейлі бет бұрған Орталық қызметкерлерін тың идеяларға құлшындыра түсті.

