Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Қытайдың "киіз үйін" қазақ сатып алып жатыр

17.10.2016 3775
Қазір қазақтың киіз үйіне дейін қытай жасап беретін болған, бірақ оны киіз үй деуге келмейтін шығар. Отаудың қаңқасы темір, сыртқы жабыны синтетикалық материалдардан жасалыпты.

Марқакөлдегі Білезік өзенінің бойында қымыз сауып отырған кәсіпкер Аманжол Қасенов Қытайдан осындай үйдің біреуін алдырған екен. Не істесе де әдемілеп істейтін шығыстағы көршіміз, киіз үйдің де сыртқы тауарлық түрін қатырып жіберіпті. «Айдалада ақ отау...» дегендей, Алтайдың бір сайында көздің жауын алып, мөлдіреп тұр. Бұл туралы didar-gazeti.kz.жазады.

Бағасы да арзан емес екен, 250-300 мың теңгенің айналасында. Ең бастысы, бұл үй малшыларға жақсы баспана болып, өз қызметін шама-шарқынша атқарып тұрғанға ұқсайды. Аманжол Қасенов болса, үйдің құрылысында күрделі ештеңе жоқ екендігін айтып, шын қаласа осыны өзіміздің кәсіпкерлер де құрастыра алатынын тілге тиек етті.

«Бірақ темірдің бәрін сатып жібердік қой. Кезінде кеткен «қоқыс» өзімізге қайтадан дүние-мүлік болып оралып жатқан болуы керек»,-дейді ол.

Қымызшы жігіттің айтуынша, қазір ағаштан түйін түйген үй жасағыш шеберлер жоқ емес, бар. Бірақ олар сұраған баға аспандағы аймен тең. Қытай дайындаған үйді екі-үш адам сүт пісірім уақытта құра салады екен. Сырты – қаттылау шүберек, оның асты синтетикалық материалдан жасалған жабын, ішкі қаңқасы – құрастырылмалы темір. Үйдің сапасы бір бөлек әңгіме. Оны әрине, бір маусымға емес, бірнеше буынға баспана болған ата-бабамыздың отауымен салыстыруға келмес. Ал мұның экологиялық жағдайы құдайға, сосын қытайға ғана аян.

Тегтер: киіз үй, қытай, Марқакөл, ағаштан түйін түйген
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ