Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

21.8.2023 806

2023 жылғы 21 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Сөйлеу әрекетінің төрт дағдысын дамытудың тиімді әдістері» республикалық онлайн-семинарын бастады.

Іс-шараны Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек кіріспе сөз сөйлеп ашты. Алаштың арысы Жүсіпбек Айтмауытов: «Бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін» деген екен. Сол айтқандайын, тіл үйренушінің сөйлеу әрекетін қалыптастыратын

айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым секілді төрт дағдысын дамытудың тиімді әдістеріне арналған бұл республикалық бас қосу үш күнге созылмақшы.

Алғашқы дәрісті Республикалық физика-математика мектебінің оқытушысы Р.Əзімбаева бастады. Жаңашыл, талапшыл, бастамашыл қасиеттерімен кеңінен танымал тәжірибелі де білікті маман Рахат Омашқызы тіл үйренушінің коммуникативтік дағдыларын дамыту ерекшеліктерінен бастап, тілді қоғамдағы қатынас құралы ретінде меңгерту жолдары жөнінде кеңінен әңгімелеп, «Сөзден – іске» деп аталатын практикалық жұмыстарға көшті.

Семинар ертең өз жұмысын жалғастырады.



Тегтер: Әдістеме
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ