Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ХАБАРШЫ»: ЖАҢА САНЫМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!

22.8.2023 657

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Терминологиялық хабаршы» бюллетенінің 2023 жылғы №1 (64) саны жарыққа шықты. Басылым әдеттегідей «Ресмиет» айдарымен ашылған. Ол жерден Республикалық терминология комиссиясының құрамымен және басқа да салалық ресми құжаттармен танысуға болады.

Бұдан басқа Республикалық терминология комиссиясының осы жылғы 2 маусымдағы отырысында бекітілген терминдер берілген.

Өткен ғасырдың басындағы отандық терминологияның дамуы туралы сөз болғанда Елдес Омарұлының есімін ерекше аталады. Ол ұлттық ғылым тілінің дамуына, қазақ терминологиясының қалыптасуына тікелей атсалысып, бұл салаға қатысты құнды ғылыми еңбектер жазған алаш зиялыларының бірі. «Мұра» бөлімінен бойынша Елдес Омарұлының Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде қазақша пән сөздер тақырыбына жасаған тамаша баяндамасын қайта оқып шығуға мүмкіндік аласыз.

Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Құдайберген Тұрсын «Ұлттық тіл білімінің негізін қалаушы» мақаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы ой толғаса, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыТерминология орталығының жетекшісі,филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәрсенбай Құлманов қуғын-сүргін кезеңіне қатысты терминдердің қолданысы хақында қалам тербейді.

Тұрақты авторымыз, белгілі лингвист Серік Ерғалидың «Көкейтесті» айдарындағы туындысы тілдің алтын көпірі – аударма мәселесіне арналса, жазушы, журналист, аудармашы Абай Мауқараұлы Хамзатегінің «Терминсөз яки жасамсөз» мақаласы, аты айтып тұрғандай, сала мәселесін қозғайды.

Сондай-ақ, түрік тіліндегі «ал» түсінің қолданысы туралы білгіңіз келсе, немесе география ғылымын мемлекеттік тілде терминдендіру мәселесімен танысуға ықыласыңыз ауса, онда бюллетеннің бұл саны Сізге жақсы жәрдемші бола алады. Ұлттық терминқор қалыптастыру, жүйелеу, реттеу, біріздендіруге қатысты кейбір мәселелері мен экономика және қаржы терминологиясындағыпроблемалар да назардан тыс қалмаған.

Бюллетеннің толық мазмұнымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://tilalemi.kz/tartu/one/1193

Тегтер: Терминологиялық хабаршы
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ