«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» БАЙҚАУЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ӨТКІЗІЛЕДІ
Ұлттың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының биылғы жеңімпаздары Петропавл қаласында анықталмақшы.
Жаһандану процесінің қарқынды жүруіне байланысты әлемдегі әр халық өздерінің ұлттық рухани-мәдени құндылықтарын жандандыру бағытында түрлі шараларды жүзеге асыруда. Осы лекте мемлекеттік тілді рухани-мәдени құндылық ретінде дәріптеп, оның қолданыс аясын кеңейту мәселесі аса маңызды.
Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, сонымен қатар этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қалыптасқан қазақ тілінің қызметіне одан әрі серпін беру және мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос жастарының қоғамдық жағынан белсенділігіне қолдау білдіру.
Конкурсқа республика өңірлері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті деңгейде іріктеуден өткен мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарында (ХҚКО, «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», банк, нотариус және т.б. салалар) қызмет атқаратын 18-35 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысады.
Осы байқау аясында «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясының жүлдегерлері марапатталады.
Байқаудың өтетін орны: Петропавл қаласы, Қалалық мәдениет үйі.
Басталу уақыты: 25 тамыз, сағат 10:00.
Байланыс телефондары: 8-702-976-70-68
8-702-771-42-32
tilqogam@gmail.com