Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.8.2023 935

2023 жылғы 24 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Адами капиталдың дамуы – ел экономикасы өсуінің негізі» атты Ғылым және жоғары білім форумының аясында «Тіл саясатының өзекті мәселелері» бойынша секция жұмысын ұйымдастырды.


Республикалық іс-шараны жүргізген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.Ешенқұлов Тіл саясатын тиімді іске асыруға бағытталған кешенді жұмыстарды мемлекеттік органдармен, ғалымдармен, қоғам белсенділерімен және тіл жанашырларымен әрі қарай да бірлесіп атқару аса маңызды екенін атап өтті.

«Тіл саясатының өзекті мәселелері» секция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, өңірлердің тілдерді дамыту саласына жауапты басқармалардың басшылары, белгілі ғалымдар, тіл жанашырлары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасының жобасы туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Нақты деректерге сүйенген баяндама көпшілік көңілінен шықты.

Бұдан кейін сөз алған халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы тіл төңірегіндегі түйткілді мәселелерге тоқталды.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай Орталықтың осы күнге дейін 13 жоба әзірлеп, қолданушылардың қажеттілігін өтеп келгенін, қазіргі кезде заман алға тартып отырған талаптарға сай жаңғырту, жетілдіру қажет екенін айтты. Жасанды интеллектке құрылған тіл синтезін жасау, дауыс көмекшісін әзірлеу бағытында бірқатар шаралар атқарылмақшы екен.

Талқылау барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Бибігүл Жексенбай, Жанарбек Әшімжан, Жұлдыз Сүлейменова, Таңсәуле Серіков құнды пікірлерін ортаға салып, еліміздің ең жоғары өкілетті органының қабырғасында тіл саясатын жүзеге асыру бағытында жасалып жатқан іргелі істерге тоқталды. Сондай-ақ, осы бағыттағы бастамаларды қолдауға әзір екендерін білдірді.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Оразкүл Асанғазы, Әбдіжәлел Бәкір, белгілі ғалым Анар Фазылжанның пікірлері көпшіліккөкейіндегісін дөп басқандай болып жатты.

Жетісу облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Ермек Ақшабаев, Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов, Ақтөбе облыстық Тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Серғазина мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы атқарып жатқан нақты істері жөнінде айтты.

Секция жұмысына қатысушылар ерекше белсенділік көрсетіп отырды.


Тегтер: ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Авторы: Тіл алемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ