Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Әлихан Бөкейханның құрметіне монета шығарылады

17.10.2016 2791
Ертең Алаш көсемі, Әлихан Бөкейханның құрметіне арналған салтанатты шараның бірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мерейтойлық естелік монетаның салтанатты таныстырылым рәсімі өтеді.

Бұл туралы Егемен Қазақстан газеті жазады.

Монета Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай естелік ретінде шығарылған.

«Бұл таныстырылым шарасы – Әлихан Бөкейханның тұлғалық қасиетін айқындау ісіне қосылған үлкен үлес. Қазақ айтады: «Тасқа басылған таңба ешқашан өшпейді» деп. Әлихан Бөкейханның тұлғалық қыры енді міне ұлттық банктің мерекелік монетасына бейнеленіп отыр. Бұл дегеніңіз – болашақ күндері ұлттық музейлер мен көрмелерге қойылып, өзінің тарихи құнын арттыратын, сапалы әрі құнды, қымбатты экспонат болары хақ. Монетаға Әлиханның тұлғалық келбетін бейнелеу дегеніміз – оның тұлғалық қырын жастар мен жасөспірімдерге насихаттау, таныту деген сөз. Қазақ еліне шет елден келетін қонақтар, туристер ұлттық банктің шығарып отырған бұл монетасын өздеріне кәдесый ретінде сатып алып, Қазақ елінен әкелген тәберігіміз деп ұрпақтарына айта жүрері анық» – дейді ұйымдастырушылардың бірі, алаштанушы Елдос Тоқтарбай.

Тегтер: алаш қозғалысы, Әлихан Бөкейхан, Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл, монета
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ