ПЕТРОПАВЛДА ДӘРІС ОҚЫДЫ
2023 жылғы 25 тамыз күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай институтының» жетекшісі Айгүл Әділбекқызы Орманова СолтүстікҚазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісібасқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ана тілін оқыту бағыттары» тақырыбында семинар-тренинг жұмысына қатысты.
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен байланысты салтанатты түрде ашылған Тілдер фестивалі аясында өткен бұл іс-шараның мақсаты – қазақ тілін оқытудағы ең тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу. Бұл салада ұзақ жылдардан бері тер төгіп келе жатқан әріптесіміз жиналғандармен өз іс тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарымен қатар, Ресей Федерациясының Түмен, Омбы облыстарындағы қазақ тілін оқытушылар қатысты.


