Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

28.8.2023 644

2023 жылғы 28 тамыз күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» атты халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинарының жұмысын бастады.

Алқалы бас қосуды Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тілешов құттықтау сөз сөйлеп ашты.

«Біліктілікті арттыру курсы 2020 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы жылдар ішінде отандық және шетелдік әдіскерлер Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген қандастарды тіл үйретудегі әдіс-тәсілдерді, әдістемелерді, технологияларды қазіргі кезең талаптарына сай қолдану жолдарымен таныстырып келеді. Сондай-ақ, сандық технологияның көмегімен қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде оңтайлы үйретудің тәжірбиесіне баулып, сабақ бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдарын таныстыруда. Алғаш ашылған жылы әлемнің түкпір-түкпірінде қазақ тілінің бар болғаны бес-ақ курсы болса, қазір олардың саны екі есеге өсті»,– деді ол.

Семинардың алғашқы күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Тіл HUB жетекшісі Мөлдір Бақытқызы «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялар» туралы дәріс оқыса, Ататүрік университетінің магистрі, қазақ тілі оқытушысы (Түркия, Анкара) Кахраман Дениз «Қазақ әндері арқылы грамматиканы меңгерту» жөнінде жан-жақты баяндап берді.

Тартымды дәрістерге құрылған бұл іс-шара үш күнге созылады.




Тегтер: Халықаралық семинар
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ