Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

СЕМИНАР ӨТЕ ҚЫЗУ ӨТУДЕ

29.8.2023 572

2023 жылғы 29 тамыз күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» атты халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинарын одан әрі жалғастырды.

«Абай институтының» жетекшісі Айгүл Орманованың айтуынша, әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдердің арасында едәуір уақыт айырмашылығы бола тұра, қатысушылардың саны көп болды. Ресей, Польша, Моңғолия, Иран, Түркия, Франция, Аустрия, Мажарстан мен Өзбекстан мемлекеттерінен қатысушылар тыңдап қана қоймай, көкейде жүрген көп сауалдарына жауап алды, сондай-ақ кеңінен өзара тәжірибе алмасты.

Келелі бас қосудың бүгінгі тізгінін Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі, Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап А2 оқулығының авторы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлыгүл Дәулеткереева қолына алды.

Білікті ғалымның дәрісі «Қазақ тілін коммуникативтік тәсіл аясында оқытудың өзектілігі: заманауи оқулық сипаты» деген тақырыпқа арналды.

Семинардың соңғы күні арнайы сертификат табысталмақшы.


Тегтер: халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинары
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ