Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шара өтеді

4.9.2023 1482

2023 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан халқының тілдері күніне орай тақырыптық «дөңгелек үстел» ұйымдастырады.

Республикалық іс-шараның мақсаты – азаматтардың Қазақстан халқы тілдері күніне құрметін орнықтыру, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту жөніндегі мемлекеттің міндетін іске асыру.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары мен сала мамандары, белгілі ғалымдар жан-жақты сараланған талдаулар жасайды. Сонымен қатар, қазақ тілінің ахуалы мен міндеттері талқыланбақшы.

Шара барысында «Аталардың аманатына адал болайық», «А.Байтұрсынұлы» және т.б. танымдық бейнероликтер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Іс-шараға онлайн форматта әкімдіктердің мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға жауапты құрылымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысады.


Өтетін орны: Астана қ., Сәтбаев көшесі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Өтетін уақыты: 15.00 сағат.

Байланыс телефондары: 8-705-150-49-94

Тегтер: ТІЛДЕР КҮНІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ