Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДАҒЫ АҚТӨБЕДЕГІ ШАРА

6.9.2023 484

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Өрлеу» Ақтөбе филиалының арасындағы меморандум аясында бірлескен іс-шара Қазақстан халқы тілдері күніне байланысты «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қаласы М.Әлімбаев атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен бас қосуға қатысушыларды Орталықтың Әдістеме LAB бөлімінің ғылыми қызметкері Л.Демесінова, институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты Н.Абишева, мектеп директоры Ш.Баядилова құттықтады.

Шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы директоры К.Серғазина, облыс педагогтері А.Орынбаева, А.Қасенова, Ж.Жанғазина (М.Әлімбаев атындағы №25 ЖББОМ), А.Оразаева (Мартөк ауданы, Хлебодаровка ЖББОМ), Г.Пайызова (Мартөк ауданы, Қызылжар ЖББОМ) тіл үйретудегі тиімді және нәтижелі әдістерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында алқаға түскен озық технологиялар мен жаңашыл әдістер қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырса, мемлекеттік тілді оқытудың үздік әдіс-тәсілдері, орталық мамандарымен өзара тәжірибе алмасу жұмыстары облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік біліктерінің шыңдалуына серпін берді.

Іс-шара модераторы бас әдіскер М.Әділханова Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, мемлекеттік тіл мәртебесін көтерудің қажеттілігі бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екендігіне ерекше тоқталды, ынтымақтастық үшін серіктестерге үлкен алғысын білдірді.



Тегтер: ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ