Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТАТУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ» атты дөңгелек үстел өтті

18.9.2023 568

2023 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Қазақстан халқының тілдері күні аясында «Мемлекеттік тіл – татулықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, алаштанушы ғалым Ербол Тілешов, танымал аудармашы Камал Әлпейісова қатысты.

Іс-шараның ашылуында Іс басқармасының аппарат басшысы міндетін атқарушы Ербол Адаев құттықтау сөз сөйлеп, Іс басқармасының жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Ербол Тілешов «Тіл және таным» тақырыбында терең әрі мағыналы дәріс оқыды, тіл жанашыры, танымал аудармашы Камал Әлпейісова «Ілеспе аударма – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту құралы» тақырыбында дәріс оқып, көп жылғы іс-тәжірибесімен бөлісті. Шараға қатысушылар мемлекеттік тілге қатысты ойларында жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алып, ғалымдарға ризашылықтарын білдірді.

Бұдан бөлек, Іс басқармасының жүйесінде қазақ тілін жетік білетін, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген этнос өкілдері тіл үйренудегі ұтымды әдістерімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар баяндамашылармен сұрақ-жауап алмасып, пікірлерімен бөлісті және Іс басқармасының жүйесінде көп жыл еңбек етіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер Іс басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Тегтер: Мемлекеттік тіл – татулықтың негізі
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ