Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖЕТІСУДАҒЫ РЕСПУЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

28.9.2023 688

2023 жылғы 28 қыркүйек күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика бөлімінің ғылыми жетекші қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнәз Төкенқызы Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ахмет Байтұрсынұлының тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі» респуликалық семинарына қатысты.

Ұлт ұстазы, қазақ лингвистикасының ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың ба­­­сындағы қазақ ғылымы мен ұлттық ой-пі­кі­рі­нің алдыңғы қатарында тұрған тұлға. Ұлтты дамытудың алғашқы шарты бі­лім екенін ұғып, саналы ғұмырын осы жолға арнады. Ұстаздық ете жүріп, қажетті оқулықтар­ды өзі жазды. Қазақ тілі мен әдебиет ғылымының көш­басшысы болды, араб графикасы не­гі­зінде қазақтың тұңғыш төл әліпбиін жасап шықты.

Оның қаламынан қазақтың қоғамдық өмірін да­м­ытуға бағытталған зерттеулер, әліпби тер­­миндері, тіл үйрету әдістемесі туралы еңбектер жарық көрді.

Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл Құрал», «Тіл танытқыш», «Оқу құралы», «Әліп би», «Әдебиет танытқыш» жә­не қазақ дауысты дыбыстары, оқу жүйесі, оқу түрлері туралы көптеген ғылыми-әдіс­темелік мақалалары, жалпы түркологияға қатысты зерт­теулері көзінің тірісінде бірнеше мәрте жарық көрді.

Талдықорған қалалық «Тіл сарайында» өткен республикалық келелі басқосу барысында бүгіні мен ертеңін сабақтастырған ұлы ғалымның тілді оқытудағы ұстанымдары және қазіргі филологиялық білім беру мәселелері, сондай-ақ инфондарға қазақ тілін оқыту лингводидактикасы бойынша тілтанушының жеке тәжірибесі төңірегінде жан-жақты сөз қозғалды.


Тегтер: Республикалық семинар
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ