Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

29.9.2023 780

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Абай институтының» жетекшісі Айгүл Орманова, Тil Hub бөлімінің жетекшісі Мөлдір Бақытқызы М.В.Ломоносов атындағы «Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында «Қазақ тілін үйренуге арналған мобильді қосымшалардың тиімділігі» атты семинар жұмысына қатысты.

Іс-шараны жоғары оқу орны филология кафедрасының Қазақ тілі секциясының оқытушылары ұйымдастырды.

Семинар Айгүл Әділбекқызының «Абай институтының» елімізде және шетелде қазақ тілін насихаттауға бағытталған жобалары туралы таныстырылымымен басталды.

Басқосудың тәжірибелік бөлігі Мөлдір Бақытқызы орталықта әзірленген IT жобалар мен платформаларын түсіндірумен жалғасты.

Кездесудің жақсы әсер қалдырғаны соншалық, шара соңында Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында «Абай институты» кабинетін ашу ұсынылды. Сөйтіп, өзара бірлескен ынтымақтастық жұмыстарын одан әрі жүйелі түрде жалғастырмақшы.

Көзі қарақты оқырман біледі, «Абай институты» биыл мына елдерде қазақ тілі офлайн курстарын жалғастыруда: Горган (Иран), Ұлан-Батор (Моңғолия), Омбы (Ресей), Будапешт (Венгрия), Париж (Франция), Вена (Австрия), Калифорния (АҚШ), Стамбул сияқты қалаларда офлайн курстар өткізеді(Түркия), Анталия (Түркия), Варшава (Польша).

Жалпы «Абай институты» туралы толығырақ мәлімет алғыңыз келсе, төмендегі сілтеме бойынша арнайы сайтына өтіп, жан-жақты танысуға болады: https://abai.institute/


Тегтер: Қазақ тілі
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ