Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2023» КОНКУРСЫ ӨТТІ

29.9.2023 815

2023 жылғы 28 қыркүйекте Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыруға, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды ынталандыру мақсатында «Тіл жанашыры-2023» облыстық конкурсының марапаттау рәсімі өткізілді.

Аталған конкурсқа қоғам өмірінің әр саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысқан, сондай-ақ оқу және мәдени-ағартушылық бағдарламалардың, ғылыми жұмыстардың, көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторлары мен рухани құндылықтарымызды кейiнгi ұрпаққа үлгі өнеге етіп, мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосып жүрген облысымыздың өңірлерінен тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жалпы әртүрлі саланың өкілдері қатысты.

Қатысушылардан түскен материалдар мен құжаттарды тіл ғалымдары мен қоғам белсенділері құрамынан тұратын қазылар алқасының құрамы қарастырып, талдап, номинация иелерін анықтады.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға үлес қосқан Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңат Қуанұлы Ахатов «Тіл жанашыры» номинациясымен, Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамының хатшысы Гүлнар Көшербайқызы Елгонденова «Тіл майталманы» номинациясымен және Ақтоғай ауданы ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұқ Ерболат«Тіл жаршысы»номинациясымен марапатталды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Тегтер: ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2023
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ