АЛТЫН ҚАЗЫНАЛАРЫМЫЗ АМАН ЖҮРСІН!
Қарттар күніне орай, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұжымы әр жылдарда қызмет жасап, құрметті еңбек демалысына шыққан бір топ бұрынғы әріптестеріне арнайы барып құттықтады. Аға ұрпақ қашанда қажырлы еңбек пен теңдесі жоқ қайсарлықтың дара тұлғасы іспетті. Бұл мереке даналық пен мейірімділікті, өмірлік бай тәжірибе мен тұрақты табандылықты ұлықтайды.
Алдыңғы буынның өнегелі өмір жолы мен мұқалмас ерік-жігері бүгінгі жастар үшін бағыт түзер Темірқазық десе болады. Олар өздерінің кемел ақыл-парасаты, кенен іс арқылы әлі күнге өскелең ұрпақ тәрбиесіне араласып, еліміздің қоғамдық өміріне белсене атсалысып келеді.
Еңбекке деген ерекше құрмет пен дәстүр сабақтастығын паш етуге бағытталған бұл маңызды шара ардагерлердің де, Орталық қызметкерлерінің де көңіліне шуақ сыйлап, ізгі әсер қалдырды.
