Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АҚШ-та туған қазақ балаларына ана тілін үйрететін клуб ашылды

4.10.2023 708

Қазақстан Республикасының Вашингтондағы Елшілігі АҚШ-тағы балалардың қазақ тілін үйреніп, қазақ мәдениетін сақтауға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар өткізіп жатыр.

Жыл басында құрылған «Қазақша сөйлеу клубы» («Kazakh speaking club») волонтерлік негізде жұмыс істейді.

Қазақ тілін үйрету сабақтарының ерекшелігі — балаларға түрлі көрнекіліктер көрсетіп, қызықты ойындар ойнату арқылы оқыту әдісінде.


Дети в США

Ұйымдастырушылар клубтың мақсаты жай тіл үйрену сабақтарын өткізуден әлдеқайда ауқымдырақ екенін айтады.

Негізгі идея — балаларға ана тілі арқылы қазақ мәдениетін меңгеру алаңын қалыптастыру.

Бұдан өзге, клуб қазақ диаспорасы мен олардың балаларын танысуға, өзара қарым-қатынас жасап, бірігуге ықпал етеді. Жасалатын тілдік орта балаларға қазақ тілінде, оның ішінде күнделікті өмірде өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.


Дети в США

Клубтың әр кездесуі салт-дәстүр, музыка, өнер сынды түрлі тақырыпта өтеді.

Сабақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Себебі, балалардың барлығы қазақ тілінде сөйлей бермейді, ал кейбіреулеріне ағылшын тіліндегі тапсырмалардың шарттарын түсіну оңайырақ.

Бір айта кетерлігі — Америкада дүниеге келген сәбилер өте көп.


Дети в США

Клубқа келу олардың қазақ мәдениетін бойларына сіңіріп, ана тілін базалық деңгейде меңгерулеріне мүмкіндік береді.

Сабаққа жүйелі түрде келіп жүрген балалар ҚР Мемлекеттік Әнұранының мәтінін жаттап алды.


Дети в США


https://kaz.inform.kz/news/aksh-ta-tugan-kazak-bal...

Тегтер: АҚШ-та туған қазақ балаларына ана тілін үйрететін клуб ашылды
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ