Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа ескерткіш қойылды

19.10.2016 6380
Бүгін бас қаладағы Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында​ Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Ескерткіштің биіктігі 11 метр. Авторы – «Қазақ Елі» монументін жасауға қатысқан белгілі мүсінші Асқар Нартов.

Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев:

– Қазақ жауынгері Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі өскелең ұрпақтың жадында сақталуы керек. Сол себепті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында елордада аты аңызға айналған нағыз жауынгерге арнап ескерткіш орнатылды, - деді.

Монументті орнатуға Елорда әкімдігі бастамашы болып, ескерткішті дайындап, орнатуға «BI-Group» компаниясы демеушілік жасаған.

Рақымжан Қошқарбаевтың есімі 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік рейстагтың үстіне ту тіккен батырлығы арқылы белгілі. Ол 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылының жанындағы қыстақта дүниеге келген. Анадан ерте айрылады, әкесі ГУЛАГ лагерьлерінде болады. Өз өмірі туралы Рақымжан Қошқарбаев «Штурм» деген кітабында жан-жақты баяндайды.

1945 жылдың 30 сәуiрiнде, Рақымжан Қошқарбаев шайқасқан 150-атқыштар дивизиясы Рейхстагқа шабуыл жасайды. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов фашистердің бас кеңсесiне өзгелерден бұрын жетiп, жеңiс туын тiгедi. Бұл ерлікті жасаған кезде ол небары 21 жаста ғана болған.


Тегтер: Рақымжан Қошқарбаев, Рейстах, ескерткіш орнатылды
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ