Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТҮРКИЯМЕН ӨТКЕН ОНЛАЙН СЕМИНАР

12.10.2023 616

2023 жылғы 12 қазанда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме lab ұйымдастыруымен Түркиядағы қазақ тілінен сабақ беретін оқытушыларға арналған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен IT жобалар» атты онлайн семинар өткізді.

Онлайн басқосуда Орталық шығарған қазақ тілі оқулықтары мен түрлі жобалары, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі мәселелері қарастырылды.

Әдістеме lab жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы «Қазақ тілін оқытудағы «Тіл-Қазынаның» IT жобалары» туралы жан-жақты айтып берсе, ғылыми қызмет, PhD Ләйлә Мұратқызы «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту және«Til Qural» жөнінде әңгімеледі. Орталықтың «Абай институтының» жетекшісі, филология магистрі Айгүл Әділбекқызы «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудағы «Әмбебап оқулығының» рөлі жайында сөз қозғады.

Семинар барысында Түркияның әртүрлі ЖОО оқытушылары қазақ тілін оқытудағы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, «Тіл-Қазына» орталығымен бірлесе атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарын білдірді.

Түркияның оқу орындары мен қазақ тілінің оқытушылары, негізінен, Орталықтың жобалары мен оқулықтарын пайдаланатынын, олардың тиімділігін, сондықтан әрі қарай жұмыс істеуге дайын екендерін айтып, алғыстарын білдірді.

Әдістеме lab осы мазмұндағы шараларды жиі ұйымдастырмақшы.

Тегтер: ТҮРКИЯМЕН ӨТКЕН ОНЛАЙН СЕМИНАР
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ