Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

12.10.2023 709

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлын қабылдауы барысында: «Қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала береді», – деген сөзі көпшіліктің көкейінен шықты деуге болады. Мемлекет басшысының пікірінше, ең алдымен, қазақ тілінің қолданыс аясын арттыруға бағытталған практикалық жұмыстарға басымдық берген жөн. Әсіресе, білім беру ісіндегі, технологиядағы және медиа саласындағы қазақша контент пен цифрлық өнімдерді әзірлеуге айрықша мән беру қажет.

Бұл Орталық қызметкерлерінің батыл да жан-жақты іске асырып жатқан басым бағыттары үшін жаңаша серпін бергендей болды.

Рауан Кенжеханұлының әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазған: «Жалпы тілдік ахуал, тілдің дамуына қатысты көп мәселелер сөз болды. Президент тіл жанашыры қырынан танылды. Балалардың тілі қазақша шықпай, шықса да дұрыс шықпай жатқандығын, қазаққа тән төл дыбыстау жүйесі, тіл тазалығы бұзылып жатқандығын мысал келтіре отырып алға тартты. Латынға көшерде мұны да ескеру қажеттігін айтып, латынға көшуге қатысты пікірімді сұрады. Кейбір дыбысқа таңба таңдауға қатысты өз ойын айтты. Қалам алып, латын әріптермен біраз сөз жазып көрсетті. Қысқасы, Президент тіл мәселесіне терең бойлаған, қазақ тілінің өркен жайып, кең қолданыс табуына шын ықыласты тіл жанашыры»,– деген пікірін тіл майданының қызметкерлері үлкен қуанышпен қабылдады.

Тегтер: Қазақ тілі
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ