Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«DIGITAL BRIDGE 2023» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

15.10.2023 744

2023 жылғы 13 қазан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры М.Жұмабай халықаралық басқосудың «Жасанды интеллект және қазақ тілі» атты сессиясының жұмысына қатысты. Жалпы жасанды интеллектінің өзегі – тіл. Тіл осылайша технологиялар мен инновациялық шешімдердің алтын діңгегіне, шешуші обьектісіне айналған кезең тарихта бұрын соңды болған емес. Осы мүмкіндікті қазақ тілінің мүддесіне дұрыс қолдану туралы ойын білдірді.

«Қазақ тіліне байланысты технологияларды, соның ішінде сөйлеу синтезін әзірлеуге басымдық беріп отырмыз. Сондай-ақ, әлемдік тілдік модельдерде қазақ тілінің сапалы деңгейде қолданылуына атсалысу – басты мақсатымыздың бірі. Ол үшін біз осы бағытта жұмыс істеп жатқан отандық және шетелдік жетекші компаниялармен ынтымақтастық орнатудамыз. Яғни жасанды интеллектінің қазақ тілін толық игеруіне қол жеткізу. Бұл мемлекеттік ұйымдар мен басқа да компаниялардың өз сервистік өнімдеріне қазақ тілін оңай әрі қолжетімді интеграциялауына жол ашады. Әрі тілімізді цифрлық мүмкіндіктер арқылы жаңа сатыға шығаруды көздейміз. Технологиялық шешімдер, яғни жасанды интеллект тіліміздің әлеуетін арттырып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылуына негіз болады. Осы маңызды межені бағындыру үшін отандық IT мамандар мен компьютерлік лингвистерді, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен барлық тіл жанашырларын ортақ іске жұмылуға шақырамыз, – деді Мақпал Құрманжанқызы.


Тегтер: «DIGITAL BRIDGE 2023» ФОРУМЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ