«АБАЙ ИНСТИТУТЫ» ПОРТАЛЫ – ФРАНЦИЯДА
Абай институтының Франциядағы оқытушысы Құралай Қалиева Францияның ең көне жоғары оқу орындарының бірі - Шығыс тілдері мен өркениеті Ұлттық институтының (INALCO) қазақ тілі оқытушысы атанды. Бұл керемет бастаманы Франциядағы Қазақстан елшілігі көтеріп, қолдау көрсетті. Көңілге шуақ сыйлайтыны – Францияда қазақ тілін үйренемін, оқимын деген талаптылар көп. 2024 жылдан бастап Til-Qazyna ұжымы француз азаматтарына арналған 5 деңгейлік қазақ тілі оқу-құралын әзірлеуді қолға алмақ.


