Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Мәскеулік қандастар тіл олимпиадасын өткізді

24.10.2016 2593
Қазақ тілі мен мәдениеті және тарихына арналған олимпиада «Елім менің» деп аталды. Білім бәйгесі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Онда Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері және жергілікті студенттер бақ сынады. Олимпиаданың алғашқы кезеңі мамыр айында өткен. Ал ақтық сынға үздіктері іріктелді. Олардың білім деңгейін Ресей ғылым, филология және әдебиет академиясының оқытушылары бағалады. Бұл туралы BAQ.kz хабарлады.

Сөйтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, Мәскеу лингвистикалық университетінде марапатталды.

Роза Тадинова, ұйымдастырушы:

- Қосымша жүлделі орындар болғанда 23 қатысушының жартысын марапаттайтын едік. Себебі олардың жұмыстары жоғары бағаға лайық. Қазақ тілін жан-жақты меңгерген екен.

Қатысушы:

- Осы олимпиадаға қатысуымның себебі қазақ тіліндегі деңгейімді байқап көру болды. Өз нәтижеме өзім ризамын. Екінші орын иелендім. Бірақ әлі де оқу керек. Тәжірибе алмасу керек деп ойлаймын.

Тегтер: мәскеулік қандастар, қазақ тілі, мәдениет, тарих, олимпиада, елім менің, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ