Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Ілеспе аударма жүргізуден шеберлік сабақтары өткізіледі

24.10.2016 2472
Мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында осы жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуден шеберлік сабағының 2-кезеңі басталды.

Оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында ұйымдастырып отыр. Шеберлік сабағы Астана қаласында, А.Иманов көшесі 13-те өткізіледі.

Аталған шеберлік сабақтарының мақсаты қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру болып табылады.

Шеберлік сабағында аударма теориясы, жазбаша және ауызша аударма ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық модельдер, сөздік қорды байыту бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасының және аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік сабақтарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова жүргізеді.

Шеберлік сабақтарына ғалымдар, аударма саласының мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, облыстық, қалалық тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің ілеспе аудармашылары қатысады.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Байланыс телефондары: факс: 8 (7172) 408397; тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87472642646; 87013198887

Тегтер: ілеспе аударма, шеберлік сабақтары, мәдениет және спорт министрлігі, шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ