Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Оңтүстіктегі ономастика мәселесі

26.10.2016 2804
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Оңтүстік өңірдегі ономастика мәселелері» атты аймақтық конференция өткізілді.

Ономастика саласындағы өзекті мәселелерді кеңінен талқылап, оның шешу жолдары мен әдістерін айқындау және жергілікті жерлердегі мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен конференцияға облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшылығы және қызметкерлері мен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары, Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Конференцияның бағдарламасына сәйкес, оның жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ. Ағабековтің қатысушыларға арналған сөзімен ашылды. Әрі қарай, ономастика саласында атқарылып жатқан жұмыстар, оның даму көкжиектері, саладағы өзекті мәселелер, ономастикалық қызметтің ғылыми негіздемесі, атқаралып жатқан жұмыстардың заңнамалық және әдістемелік негізі жөнінде баяндамалар оқылды.

Жиын барысында Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығының ұстазы Г.Рүстемова «Тіл әлемі» порталы мен «Атау.кз» «Емле.кз» «Терминком.кз» сайттарының таныстырылымын жасады.

Тегтер: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, ономастика, тіл әлемі порталы, атау кз, терминком кз, емле кз
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ