Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Қайым есімі көшеге беріледі

1.11.2016 3092
Семей қаласы мəслихатында бұрынғы Интернационал көшесін аса көрнекті ғалым, абайтанушы, Абай мұражайын құрушы, Алаш қайраткерлерінің ізін жалғаушы Қайым Мұхамедхановтың атына ауыстыру мəселесі қаралды.

Қала басшылығы, мəслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан тыңдау барысында тұрақты комиссия мүшелері көшеге ғалымның есімін беруді қолдады. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жазады.

Биыл бірқатар өңір зиялылары ғалымның атымен өзі еңбек еткен Семей қаласындағы көшені атау туралы ұсыныстарын жеткізген болатын. Бұған дейін ғалымның атына ауыстырылмақ болған Шмидт көшесіне Қайым Мұ- хамедхановтың ұрпақтары мен семейлік зиялылар қарсылық білдірген еді. Олар аталған көше қалтарыс қаға берісте, елеусіз əрі кішкентай көшелердің бірі деген уəжді алға тартқан болатын. Ал Интернационал көшесі қаланың орталығында орналасқан.

– Жергілікті ономастика комиссиясы 2013 жылы таратылғандықтан, тұрақты комиссия мүшелерінің дауыс беруімен мəслихат хаттама толтырып, оны жергілікті атқарушы билік өзінің ақпараттық ресурстарында жариялайды. Бұдан кейін ол облыстық жəне республикалық ономастикалық комиссиялардың қарауынан өтуі тиіс. Үкімет қаулысымен толығымен бекітілген соң ғана көше атауы заңды болмақ, – деді бұл турасында Семей қаласы мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Толқын Берікбекова.

Биыл өңірде Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойы аясында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Жыл басында Өскемен қаласындағы А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ғалымның электрондық библиогра- фиясының тұсаукесері өтсе, Семейде «Қазақтың ұлы Қайымы» атты танымдық кеш ұйымдастырылған болатын.

Тегтер: семей, мәслихат, қайым, мұхамедханов, абайтанушы
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ