Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Солтүстік Ленинмен қоштаса алмай жүр

3.11.2016 2385
Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің отырысында «Тілдер туралы» Заңның атқарылу барысы туралы айтылды. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен жиында тіл төңірегіндегі түйткілдер жария етілді.

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жазады. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспанов айтқандай, басқарма жетекшілері мен жауапты мамандардың тіл оқыту курстарына қатысу белсенділігі төмен. Тіл туралы заңнаманың орындалуы аудан әкімдері тарапынан жүйелі қадағаланбайды. Жиында көлденең тартылған шығыс және кіріс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 98-88 пайыз деген мәлімет күмән тудырады. Себебі, бұл бағытта мониторинг жүргізілмейтіндіктен дәл есебі белгісіз.

Ең сорақысы сол, патшалық Ресейдің отарлық езгісі мен қылышынан қан тамған кеңестік заманды еске түсіретін тоталитарлық белгілерден солтүстік өңір қол үзе алмай-ақ келеді. Тәуелсіздігіміздің ешқандай өлшемдерімен қабыспайтын елді мекендер, жер-су, көше аттары жарты мыңға жете-ғабыл. Облыс орталығында 350-дей көше болса, ширек ғасыр бедерінде солардың бестен бірі ғана өзгертілген.

Лениннің атындағы 79, Комсомолдың құрметіндегі 68, Октябрьді ұлықтайтын 52, Советпен қауышатын 74 ауыл мен көше әлі күнге дейін мұрты бұзылмай тұр. Антоновка, Лавровка, Долматовка секілді дүбара атаулардан көз сүрінеді. Дзержинский, Калинин, Пугачев, Разин, Ермак, Ульянов, Ильич және тағы басқаларының рухтарын әспеттеу тыйылмай келеді. Керісінше, жұртшылық қанша өтінсе де, Қожаберген жырау, Абылай хан, Сегіз сері, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Кенесары секілді тұлғалар туған жерінде өгейдің күйін кешкендей әсер қалдырады.

Ономастика саласындағы жұмысты жүйелендіру, біріздендіру, идеялық жағынан ескірген әкімшілік аумақтардың, елді мекендердің аттарын өзгерту бағытында атқарылуы тиіс нақты шараларды белгілеген Ерік Хамзаұлы қазақ тілінде жүргізілетін шығыс құжаттарының үлесін 100 пайызға жеткізуді тапсырды. Қазақстан тарихына еш қатысы жоқ атауларға, мәдени нысандарға қалың жұртшылыққа танымал, белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің есімдерін беруді міндеттеді. Ол үшін мағынасы түсініксіз жер-су аттарын сарапқа салып, жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың ой-пікірлерін жете ескеру ләзім.

- «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру мемлекеттік қызметшілер үшін басты міндет. Ал тәуелсіз еліміздің ұстанымына сай келмейтін атауларды жаңарту қажеттігі облыста айқын байқалып отыр, - деді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

Тегтер: солтүстік қазақстан облысы, патшалық ресей, комсомол. ленин, ономастика, ермак, ақан сері, ерік сұлтанов, тілдер туралы заң, солтүстік қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ