Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Конгресс-холл» - дың аты өзгереді

3.11.2016 4181
Елордадағы «Конгресс-холл» сарайының атауы «Астана» концерт залы» болып өзгермек. Осыған байланысты нысанның қасбетіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы «Астана ақшамы» газеті хабарлады. Конгресс-холл бұрын Тың игерушілер сарайы болған. 1998 жылы қайта түрленіп, Астананың айшықты нысандарының біріне айналды. Тіпті «Конгресс-холл» атауымен мемлекеттік мекеме де құрылды. Алайда 2010 жылы осында Астана Мемлекеттік академиялық филармониясы көшіп келуіне орай екі мекеме бірігіп, соңында «Конгресс-холл» жеке мекеме ретіндегі қызметін мүлде тоқтатты. Бүгінде бұл ғимарат филармонияның еншісінде.

- «Конгресс-холл» атауы мәжіліс, ресми жиын өтетін орын деген мағынаны білдіреді. Ал мұнда көбіне әншілердің, өнер ұжымдарының концерттік бағдарламалары ұйымдастырылып жүр. Филармонияның концерті де осында өтеді. Бірақ жұртшылық кейде филармонияның қайда екенін білмей, шатастырып алатыны бар. Сондықтан ғимараттың маңдайшасындағы жазуды өзгертпекшіміз. Бұл туралы қала әкімінің қаулысы шықты. Нысанның қасбетіндегі үлкен экранда «Филармония» деген жазу тұрады. Айналасы қазақтың ою-өрнегімен көркемделеді»,-деді Астана Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры әрі көркемдік жетекшісі Сәкен Абдрахманов.

Ғимараттың атауы өзгергенімен, Астана Конгресс-холлсыз қалмайды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аумағында жаңа Конгресс-холл ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Тегтер: конгресс-холл, астана концерт залы, мәжіліс, филармония, экспо-2017
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ