Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Текті сөздің төресі – терме»

24.11.2016 3395
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі-терме» республикалық жыршы-термешілер ​байқауы өз мәресіне жетті.​

Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысты.

Республикалық кезеңнің аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тақырыптар бойынша көрсетті:

1) Ел бірлігі туралы;

2) Тәуелсіздіктің 25 жылдығы туралы;

3) Тілдің Қазақстан халқын топтастырудағы маңызды рөлі туралы;

4) Мәңгілік ел идеясы туралы.

Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын халық өнері шеберлерінен, қоғам қайраткерлерінен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылған қазылар алқасы бағалап, анықтады. Оларды диплом, алғысхаттар және ірі көлемдегі ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Сонымен Бас жүлдені жеңіп алған Уатқан Шаттық (Алматы қаласы) 300 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталса, 1-орынды иеленген Есназар Эльвира (Солтүстік Қазақстан облысы) 250 000 теңгені, 2-орынды иеленген Оразов Фархат (Батыс Қазақстан облысы) 150 000 теңгені, 3-орынды иеленген Баймырза Зульфия (Астана қаласы) мен Төлебай Жарасқан (Қызылорда облысы) 100 000 мың теңгені қанжығасына байлады. Байқауға белсене қатысқан үміткерлерге алғысхаттар мен ақшалай сыйақы табысталды.

Тегтер: Текті сөздің төресі, терме, жыршы, термеші, байқау
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ