Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Орыс жастары қазақ тілінен сайысқа түсті

25.11.2016 2782
​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен  Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан  Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай X республикалық «Тіл-парасат» байқауын өткізді. 

Аталған байқау Алматы қаласында этносаралық қатынастар орталығы Достық үйінде өтті.

Байқаудың мақсаты – орыс жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін еркін меңгерген орыс жастарын анықтап, оларды ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін, беделін арттыру.

Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің 12 жеңімпазы қатысты. Дарынды жастарға Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доценті Сиезд Шардарбекұлы Ақымбек (төраға), ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ меммлекеттік қыздар педагогикалық университеті өнер және мәдениет факультетінің профессоры Алпысбай Мырсыдықұлы Көпбаев, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Гүлдариға МерекебайқызыКенжебаева, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Пархат Қорабайұлы Юсуп, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университеті филология және көптілді білім беру институты директорының орынбасары Нүптекеева Гүлназ Байғонаққызы қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласының қатысушысы Драчева Оксана бас жүлдегер атанып, 150 000 ақшалай сыйлыққа ие болды. Қызылорда облысынан келген Денисов Кирилл 1 орын (120 000) алса, Қостанай облысының үміткері Татаржицкий Виктор екінші орынға (100 000) ие болды. Алматы облысынан келген қатысушы Гончарова Кристина үшінші орын (70 000) иегері атанды. Солопова Алена (Көкшетау облысы), Мисимова Мария (Шығыс Қазақстан облысы), Кастенко Надежда (Жамбыл облысы), Гагарина Алина (Қарағанды облысы) ынталандыру сыйлығына ие болды.

Тегтер: қазақ тілі, орыс жастары, байқау, Тіл - парасат
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ