Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Бас жүлде - Сыр елінде

5.12.2016 3915
"Алтын домбыра" айтысының қорытындысы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 3-4 желтоқсан күндері Алматыда «Алтын домбыра» атты аламан айтыс өтті. Бас жүлдесі Мұхтар Ниязовқа бұйырған айтыстың нәтижесі «Қамшы» порталында жарияланған болатын. Айта кетсек, Ниязовқа «Алтын домбыра» мүсінімен қатар, 3 миллион теңге сыйақы берілді.

1-орын Болатбек Оразбаевқа (2 млн теңге),

2-орын Жансая Мусинаға (1 млн теңге) бұйырды.

Ал 3-орын Серікзат Дүйсенғазы, Мейірбек Сұлтанғазы, Иранғайып Күзенбаев пен Өміржан Көпбосыновқа берілді (әрқайсысына 300 мың теңгеден) берілді.

Қазылар алқасы осындай шешім шығарып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі барысында бас жүлденің берілуіне Республика сарайына лықа толған халық наразы болды. Оразалы Досбосыновтың төл шәкірті, ірі ізі Болатбек Оразбаев шешуші айтыста жыраулардай жыр төкті. Дегенмен әділ қазылар берген бағада «бір тоғыз» беріліп, «Алтын домбыра» қарсыласы Мұхтар Ниязовқа берілді. Мұхамеджан Тазабек, Аманжол Әлтаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Халиолла, Әділбек Ыбырайымұлы, Қонысбай Әбілов, Қойлыбай Асанов сияқты «зейнеттегі ақындар» қазылық еткен айтыстың ақтық бәсекесіне Болатбек Оразбаев пен Серікзат Дүйсенғазы, Мұхтар Ниязов пен Жансая Мусина "Алтын домбыра" үшін айқасқа шықты.


Тегтер: айтыс, алтын домбыра, Алматы, Сыр елі, бас жүлде, Мұхтар Ниязов
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ