Құрметті, бауырлар, қадірменді ағайын!
Баршаңызды Алаштың ардағының ардағы, қазақтың қымбатының қымбаты – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Халқымыздың ғасырлап күткен осындай арайлы күнінде отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға береке тілейміз! Еліміздің ертеңі жарқын, ұрпағымыздың болашағы кемел, тіліміздің беделі қашанда асқақ болғай!
Құрметпен
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың
республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы
