Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілінде 18 мың термин бекітілген

4.4.2017 3400
Соңғы үш жыл ішінде терминология комиссиясы қорға 8 мың термин қосқан. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешев мәлім етті.

2016 жылы termincom.kz бірыңғай электрондық терминологиялық базасы іске қосылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, терминология комиссиясы көптеген терминдерді қарастырды. Кейбіреулері қоғамда келіспеушіліктер тудырады. Мысалға, фонтан, пианино, фортепиано, балкон сөздері ауызекі тілде «шаптырма», «бұрқақ», «су бұрқақ», «күй сандық», «қылтима» ретінде қолданылады.

«Біз оларды бекіткен жоқпыз. Сондықтан да аудармаларын емес, халықаралық атауларын пайдаланған жөн. Кезінде біреу осы сөздерді аударған, сөйтіп ол сөздер қоғамда орнығып қалған», - деді Ғ. Мелдешов.

Сондай-ақ, ол Республикалық терминологиялық комиссия мен Метрология және стандарттау жөніндегі ұлттық комитетке бірлесіп, барлық терминдерді бір стандартқа келтіру жұмыстарын атқаруы керектігін айтып өтті.

«Олардың ішінде ассимиляцияға ұшыраған сөздер бар, мысалы, самовар – самауыр, поезд – пойыз. Егер барлық тілдерден, әсіресе Батыстан еніп жатқан сөздерді аудармай қалдыра беретін болсақ, бірнеше жылдан кейін үлкен мәселеге ұрынарымыз сөзсіз. Біз қазақтардың мінезіне, діліне, қабылдау түсінігіне қарамастан, сөздерді шама келгенше аударуымыз керек. Мәселен, авария сөзін біз «апат» деп аударып жүрміз. Авария – зақым келтіру дегенді білдіретін араб сөзі. Сол себепті біз әр кез сайын сөздің түп-төркініне мән беріп, мағынасына сай аударма жасауымыз керек», - деді Ғ. Мелдешов.

Оның ойын Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов толықтырып өтті.

«Қазақстанның терминологиялық қоры мемлекеттік тіл тіршілік әрекетінің барлық саласында белсенді түрде қолданыста болуы үшін ұлғайтылуы керек. Қытайдың әр саласында шамамен 50 мың термині бар. Қазақстанда терминологиялық ғылым жеткілікті түрде дамыған және өзге елдерден артта қалушылық байқалмайды. Ұлы әрі дарынды Ахмет Байтұрсыновтың бұл істің бастауында тұрғанының өзі аталған жұмыстың келешегінің зор екенін болжайды. Сонымен қоса, қазақ тілі - өте бай тіл», - деді Е. Тілешов.

2017 жылы termincom.kz сайтын жетілдіру жоспарда бар, сөздердің этимологиясы енгізіледі, ал ендігі терминдерді бекіту кезінде халықаралық тәжірибеге сүйенетін болады.

Тегтер: мемлекеттік тіл, термин, 50 мың, аударма
Авторы: "primeminister.kz" сайты

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ