Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізу қағидалары

5.4.2017 4444

1. Жалпы ережелер

1. «Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер республикалық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) қазақстандықтардың тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған.

Конкурс жылдың бірінші жартыжылдығында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай өткізіледі.

2. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) қазақстандықтардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

2) ұлттық жанрды дамыту;

3) «жыр-терме» ұлттық жанрын жастардың арасында насихаттау.

3. Конкурсқа облыстардан және Астана, Алматы қалаларынан 16-35 жас аралығындағы бір үміткерден қатысады.

4. Алдыңғы конкурстардың бас жүлде және І орын жеңімпаздары конкурсқа қатыстырылмайды.

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

6. Конкурс жергілікті атқарушы органдардың (Тілдерді дамыту басқармалары) жәрдемдесуімен өткізіледі.

7. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша өтінім конкурс жарияланғаннан кейін Комитетке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті

атқарушы органдарымен (Тілдерді дамыту басқармалары) 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) орындалатын шығарманың мәтіні.

9. Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

10. Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

11. Үміткерлерге келесі тақырыптық бағыттар ұсынылады:

1) ел бірлігі туралы;

2) Алашорданың 100 жылдығы туралы;

3) Қазақстан халқын топтастырудағы тілдің маңызды рөлі туралы.

3. Қорытынды ережелер

12. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін халық өнері шеберлерінен, қоғам қайраткерлерінен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен қазылар алқасы құрылады.

13. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) орындалатын шығарманың ұсынылған тақырыптарды қамтуы мен өзектілігі;

2) шығарма мазмұнының тереңдігі;

3) шығарманы орындау шеберлігі;

4) тіл нормасының сақталуы;

5) сахна мәдениеті.

14. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

15. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Текті сөздің төресі – терме»

жыршы-термешілер республикалық конкурсын өткізу қағидаларына

қосымша

«Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер

республикалық конкурсқа қатысу үшін өтінім

1. Т.А.Ә. ______________________________________________________________

2. Жасы ______________________________________________________________

3. Жынысы ___________________________________________________________

4. Білімі ______________________________________________________________

5. Жұмысы ____________________________________________________________

6. Мекенжайы__________________________________________________________

7. Байланыс телефоны___________________________________________________

8. Наградалары________________________________________________________

9. Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)

Қолы

Күні

Тегтер: ереже, терме, байқай, байқау ережесі
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ