Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тіліндегі интернет-ресурстардың жайы

21.4.2017 2878
Мінекей, осындай тақырыптың төңірегінде ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақ халқы Ассамблеясы депутаттық тобының отырысы өтті.

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен 2016 жылдың 5 қыркүйегінде «Тіл әлемі» порталы, «Emle.kz» сайты, «Termincom.kz» және «Atau.kz» сайттары іске қосылған болатын. Осы сайттардың бүгінгі қызметі, техникалық жетілдіру жайы, қоғамға тигізіп жатқан пайдасы, әлеуметтік пікір жөнінде білу, жұмыс жоспарымен танысу мақсатында 2017 жылғы 20 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақ халқы Ассамблеясы депутаттық тобының отырысы өткізілді. Отырыстың кіріспе сөзінде депутаттық тобының жетекшісі Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов Елбасы белгілеп берген рухани жаңғыру бағдарламасында тілдерді дамытудың маңызы ерекше екендігіне тоқталды.

Депутаттық топтың отырысында аталған жобаларды әзірлеген Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Ердембекұлы баяндама жасады. Баяндамада аталған интернет-ресурстардың бүгінгі жайы, жұмыс барысы, даму қарқыны, техникалық жетілдіру және орталықтың алдағы жұмыс жоспары жайында әңгімеленді.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Анар Жайылғанова, Фахриддин Қаратаев, Шаймардан Нурумов, Нұрлан Дулатбеков, Абай Тасболатов, Наталья Жұмаділдаева сөз сөйледі, олар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне өтуді 2025 жылдан бастауды тапсыруына байланысты туындайтын міндеттерге тоқталды. Ербол Ердембекұлы Мәжіліс депутаттарының осы және басқа мәселелер бойынша қойған көптеген сұрақтарына жауап қайтарды.

Депутаттық топтың отырысының қорытындыларын Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко шығарды.

Тегтер: Ассамблея. тіл әлемі, емле, терминком
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ