Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

21.4.2017 2528
Қарағанды қаласында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қазақ руханиятының көрнекті өкілі Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға есімі республикаға кеңінен танымал әдебиеттанушы, тілші, тарихшы ғалымдар, сондай-ақ, облыстағы тіл жанашырлары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Конференция жұмысының алдында Қазыбек би бабамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Гүл шоғын қою рәсіміне қоғам қайраткерлері және жас буын өкілдері қатысты.

Алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлының «Қаздауысты Қазыбек би және билер соты», филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Нығметоллаұлының «Қазақ мәдениеті тарихындағы Қаздауысты Қазыбек би тұлғасы», тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Омарұлының «Қазақ хандығының басқару жүйесі және Қаздауысты Қазыбек би», филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Алтайұлының «Қаздауысты Қазыбек би сөзінің күші (тіл суггестиясын пайымдау)», филология ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Ботпайұлының «Қазақ би-шешендер мұрасының зерттелуі»,филология ғылымдарының докторы, профессор Берік Серікбайұлының «Қаздауысты Қазыбек бидің шешендік өнер шежіресі», қоғам қайраткері Мұрат Шәуенұлының «Ұлыс биі Қаздауысты Қазыбек және Арқада қалыптасқан билік жүйесі» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.

Алқа мәжілісі аяқталған соң конференция жұмысы 3 секция бойынша жалғасты. «Билер философиясы: ұлт дүниетанымы мен руханияты» секциясы бойынша Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кәмшат Аманбайқызы, «Шешендік өнер және тіл мәселесі» секциясы бойынша Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Жаңбырбай Ахметұлы және «Қаздауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны» секциясы бойынша тарихшы, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары Темірғали Тілеубекұлы жетекшілік етті.

Ауқымды шара аясында республика бойынша және облыстың әр өңірінен келіп түскен 120-дан астам материалдардың барлығы сараланып, 76 ғылыми мақала арнайы жинақ болып топтастырылып, жарыққа шықты.

Тегтер:
Авторы: Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ