Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қоғамдық сананы жаңғырту жайы талқыланды

28.4.2017 3094
​«Нұр Отан» партиясының барлық қоғамдық қабылдау бөлмеcінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға, ондағы өзекті мәселелерді түсіндіруге және ұлттар бірлігіне арналған «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясы өтті.

Шараға Мәжіліс депутаттары, партияның фракция мүшелері, партия ардагерлері, үкіметтік емес ұйым басшылары мен мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде мақаланы талқылаумен қатар, Бірлік күні де аталып өтті.

Партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Жұмажан Жүкенов Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.

– Президентіміз мақаласында бүгінгі күнге дейін елімізде саяси реформа, экономикалық даму мен өркендеу мәселесі жолға қойылғанын жазды. Ендігі уақытта солардың негізгі ұстанымы рух мәселесін көтеру керектігін айтады, – деді ол.

Партия ардагері Мұхтар Еркетаев Қазақстанда тәуелсіздік алғалы ауқымды жұмыстар атқарылды, соның арқасында экономикасы дамыған озық 50 елдің қатарына енгенін айтты.

– Елбасы өз мақаласында қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу, оларға қамқорлық көрсету туралы тоқталған, – деді ол.

Ардагер «Қазақстандағы жаңа 100 есім» бастамасының жүзеге асуы маңызды» деп есептейді. Сонымен бірге, ол Нұрсұлтан Назарбаевтің ел дамуына қосқан зор үлесін ескере отырып, Президенттің кандитатурасын Нобель сыйлығына тағы да ұсыну керектігін алға тартты.

«Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская Қазақстанның ең басты жетістігі – халықтар ынтымақтастығын сақтап тұруы деп есептейді.

Оның айтуынша, Елбасының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бастамасы жаңа есімдерді тануға жол ашады. Сондай-ақ ол Елбасының «Туған жер» бағдарламасын қабылдауды ұсынғанын айтты.

Кіші Отан – ол сенің туып-өскен жерің. Ол – адамды бақытқа бөлейтін жер. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген айрықша қарым-қатынас – отансүйгіштіктің ең маңызды бөлігі, – деді ол.

Шара қатысушылары құжаттың негізгі ережелерін іске асыру еліміздің серпінді дамуына негіз болады деп есептейді.

Аталмыш шара аясында репсубликалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері Елбасының жариялаған мақаласына байланысты келушілер үшін кітап көрмесін ұйымдастырды.

Тегтер: "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", Елбасы мақаласы, "Қазақстандағы жаңа 100 есім", Бірлік күні
Авторы: Көркем ӨМІРӘЛІ, "Айқын" газеті

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ