Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

25.4.2017 5007
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Пресс» қоғамдық қоры «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізді.

Байқауға Қызылорда қаласы мен Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өткен байқаулардың жеңімпаздары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 18-35 жас аралығындағы 15 талапкер қатысты.

Байқау шарты бойынша бірінші кезеңде талапкерлер қазақ жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқыды. Келесі кезеңде белгілі ақындардың поэзиялық шығармаларын мәнерлеп оқып, шеберліктерін танытты.

Байқаудың сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахналық және оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мәдениетіне баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қазалы ауданындағы №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Рита Аралбаева жеңіп алды. Қармақшы ауданындағы №279 орта мектептің шаруашылық меңгерушісі Көркем Айгелдиева мен «Болашақ» университетінің студенті Қымбат Тоқтанова жүлдеді орындарды өзара бөлісті. Сондай-ақ Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Жандос Жантөре, Қызылорда облысының статистика департаментінің жетекші маманы Ермек Нұрмаханов, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті Наргиз Абдрашитовалар арнайы номинацияларды иемденді.

Айта кетейік, облыстық байқаудың жеңімпазы Рита Аралбаева Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Тегтер: Абай оқулары, көркемсөз оқу, байқау
Авторы: Қызылорда облыстық тілдірді дамыту бөлімі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ