Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Славян жазуы мен мәдениеті күндері өтеді

16.5.2017 2966
Астана қаласында 23 мамыр күні «Славян жазбалары мен мәдениеті күндері» өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы шара аясында «Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады. Басқосу Ресей ғылым мен мәдениет орталығында өтеді.

Конференцияға Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, Қазақстан Республикасындағы славян және түркі мемлекеттері елшіліктерінен келген арнайы қонақтар, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, этноағартушылық мектептер мен БАҚ өкілдері қатысады. Мәнді мәжілісте Қазақстан этномәдени кеңістігіндегі славян тілдерінің алуан қырлы қызметі мен оларды сақтап қалу мәселелері сөз болады. Орыс және өзге де славян тілдерін оқыту бағытындағы жинақталған тәжірибелер талқыланып, ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтарының өзара тығыз қарым-қатынастарының жолдары мен құндылықтары айтылады.

Конференция барысында славянтану, түркітану, тілдік қатынас, аударматану, әдебиеттану салаларындағы белгілі қазақстандық ғалымдар баяндама жасайды деп жоспарлануда.

Айта кетейік, шара М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында мерекелік концертпен жалғасады. Кіру тегін.

Тегтер: Славян жазуы, мәдениет, конференция, славянтану
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ