Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ілеспе аудармашылар дайындалды

12.4.2017 2009
Ілеспе аударма – кәсіби аударма жасаудың күрделі және танымал түрлерінің бірі. Осы саладағы мамандарды дайындау мақсатында Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы "Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары" шеңберінде ағымдағы жылдың 3-14 сәуір аралығында​ ілеспе аудармашыларға арналған семинар ұйымдастырды.

Семинар бағдарламасы ілеспе аударманы орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне, сондай-ақағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне, орыс және қазақ тілдерінен ағылшын тіліне халықаралық конференциялардың, бизнес-форумдардың, дөңгелек үстелдердің, іскерлік келіссөздердің материалдарын пайдалана отырып, меңгеру дағдыларына бағытталды. Курс барысында теориялық дайындау және ілеспе аударманы игеру дағдылары, сонымен бірге лингафондық кабинеттерде тәжірбиелік тренингтер өткізілді.

Курсқа облыс бойынша 24 адам қатысты. Оның 12-сі орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне, сондай-ақ 12 қатысушы ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне кәсіби аударуға машықтанды. Дәрістерді филиология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ф. Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Б.Р. Қожахметова, доцент А.К. Линнас және фиология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы А.А. Лакова жүргізді.

Семинар соңында қатысушыларға ілеспе курсын аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды.




Тегтер: ілеспе аударма, Павлодар облысы, тілдерді дамыту басқармасы,
Авторы: Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ