Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдістері үйретілді

26.5.2017 4509
Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында 24-26 мамыр күндері «Ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдістері» атты республикалық біліктілікті арттыру курсы өтті.

Ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби шеберлігін шыңдауға, біліктілігін арттыруға бағытталған курсқа оқыту орталықтарының мамандары, мұғалімдер мен болашақ педагогтар қатысты. 36 сағатқа негізделген дәріс барысында ағылшын тілін оқыту процесіндегі жаңа технологиялар талданып, оның тиімділігі таразыланды. Тілді оқытудың инновациялық әдістері қалыптастырып, тәжірибеге енгізудің нәтижелілігіне тоқталды. Курс барысында тіл мамандары соңғы әдіснамалармен жұмыс жасады.

Үш күнге жалғасқан курсты білікті мамандар жүргізді. Алғашқы күні қатысушылар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ағылшын тілі оқытушысы Дина Маратқызының «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар» тақырыбындағы дәрісін тыңдады. Сабақ барысында мультимедиалық технологиялар қолданылып, интернет желісіндегі kahoot.it, google.docs сынды порталдар мен мультимедиалық бағдарламалар арқылы оқыту жолдары, сабақ жасау үлгілері көрсетілді.

Екінші күні Еуразия гуманитарлық институтының педагогика ғылымдарының магистрі, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Сағатбекқызы ағылшын тілін оқытудағы интерактивті әдістермен таныстырды. Бейне, аудио материалдар, әртүрлі көрнекі құралдар негізінде сабақты ұйымдастыру оқушының шет тілін тез игеруіне ықпал ететіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, өздігінен видео жасау әдіс-тәсілдерін үйретті.

Курс Назарбаев зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Айназ Мұхашқызының дәрісімен тамамдалды. Ол тіл үйретуде үйренуші мен үйретуші қатынасы, сабақты жүргізу және басқару әдістерін меңгерту, оқушыларды ағылшын тілін оқуға ынталандырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Айта кетейік, курсқа халықаралық дәрежедегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Маниш Дунгарвал қонақ ретінде шақырылды. Ол курсқа қатысушылармен тәжірибе алмасып, тілдесім сағатын өткізді.

- Ағылшын тілін жетік меңгерген, сауатты сөйлей алатын нағыз кәсіби маманмен тілдесім сағатын өткізіп, сабақ беру, қарым-қатынас барысында жіберетін қателіктеріміздің себебін нақтылап, оны түзеу жолдарын түсіну мен үшін курстан алған ең басты табысым болды. Жалпы, курс деңгейі жоғары өтті. Соның ішінде Маниш Дунгарвалмен еркін форматта өткен санаулы сағатта түйгенім бір төбе,- дейді курсқа қатысушы, Еуразия гуманитарлық институтының бітіруші түлегі Ләззат Серікқызы.

Курс қорытындысында барлық қатысушыларға арнайы сертификатты Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Тілешов табыстады. Қатысушылар да өз кезегінде, білім деңгейін көтеріп, таным көкжиегін кеңейтетін курстың алдағы уақытта жалғасын табуына тілектестіктерін білдірді.


Тегтер: курс, ағылшын курсы, біліктілікті арттыру курсы, тіл үйрету
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ