Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Нұртай Сәбилиянов: Азаматтарымыз қазақ тілінде заң көмегін ала алмайды

30.5.2017 2631
Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында өткен үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилиянов айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Бүгінгі қаралып жатқан мәселе – өте маңызды. Менің тоқталайын дегенім – мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін заң көмегіне байланысты. Тегін заң көмегін көрсету Конституцияда қарастырылған. Осыған байланысты біз заң қабылдағанбыз, тиісті қаражат та бөлінді. Ол қаражат игеріліп те жатыр. Бірақ осы тегін заңды көмек көрсетуде біраз кемшілік бар. Біріншіден, адвокаттардың мемлекеттік тілде тегін заң көмегін көрсете алмауы. Сіздерге бір мысал келтірейін, Ақмола облысының Целиноград ауданынан Нұрмұхамбет Тілембетов деген азаматтан хат келді. Онда бірнеше жыл бойы тегін заң көмегін алуға қол жеткізе алмай жүргендігі айтылған. 2-ші топтағы мүгедек азамат. Әділет министрінің қабылдауында болған. Тапсырма да берілген. Бірақ берілген адвокаттар, қорғаушылар одан бас тартқан. Сотты қазақ тілінде жүргізуден бас тартқан. Сонда игеріліп жатқан ақшаға қандай қорғаушылар көмек көрсетіп жатыр, олар қай тілде көрсетіп жатыр? Бұған толық талдау жасалу керек. Өйткені Қазақстанда тұрып қазақ тілінде заң көмегін ала алмаса, бұл – азаматтардың құқығын бұзу деген сөз. Бұған өте үлкен бақылау жасау керек деп ойлаймын. Неге жаңағы мүгедек азаматқа қазақ тілінде емес орыс тілінде іс жүргізетін қорғаушы беріледі? Ол адам Бас прокуратураға да жазған. Жақында Сізге ол хатты жібердім. Жалпы Қазақстан бойынша қанша азамат мемлекеттік тілде заң көмегін көрсете алады?», - деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилиянов әділет министрі Марат Бекетаевқа.

Сондай-ақ депутат ауылды жерлерде адвокаттардың жетіспейтіндігін, тіпті кейбір елді мекендерде заңдық көмек беретін мамандардың болмайтындығын және ауыл азаматтарының адвокаттарға төлейтін ақшасы жоқтығын да сөз етті.

Тегтер: мемлекеттік тіл, қазақ тілі, заң тілі
Авторы: jasqazaq.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ