Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» байқауы өтті

7.6.2017 4461
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 маусымында «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы өтті. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, беделін арттыру және мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 7 мемлекеттік мекеменің командасы қатысты.

Байқау барысында қатысушы командалар 4 тапсырма бойынша сыннан өтті. Алдымен командалар сәлемдесіп, өздерін таныстырса, екінші турда тарихи орындарға байланысты тапсырманы шешті. Үшінші кезең командалардың білім деңгейін таразылауға бағытталды. Қатысушылар тіл туралы қанатты сөздердің жалғасын тауып, тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік құқықтық актіге қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал «Үй тапсырмасы» аясында «Мәңгілік ел – Мәртебелі тіл» тақырыбында театрландырылған қойылым көрсетті.

Байқау сарапшылары талапкерлердің өнерін бағалау кезінде сөйлеу мәдениетіне, сұрақтарға толық жауап берілуі мен нормативтің құқықтық актілерді білуіне, сахналық образына баса назар аударды. Қорытындысында Жалағаш ауданы әкімдігінің «Тіл сақшылары» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Жаңақорған ауданы әкімдігінің «Жалын» командасы иемденсе, 3 орынды Қызылорда қаласы әкімдігінің «Сөз-маржан» командасы мен Шиелі ауданы әкімдігінің «Жебе» командасы өзара бөлісті. Командаларға облыстық ішкі саясат басқармасының арнайы дипломы мен кубогы табысталды.

Айта кетейік, жеңімпаз команда Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылатын республикалық «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауында бақ сынайды.

Тегтер:
Авторы: Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ