Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Атажұртқа асықтық

22.6.2017 2651
Қазіргі таңда көреген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баян­­ды басшылығымен әлем қауымдастығы алдында зор беделге қол жеткізген Қазақстанның әрбір қадамы сыртта жүрген бізді қуантады. Әсіресе, ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы, осы қарсаңда Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайының өткізілуі қай жағынан қарасаңыз да барлық тараптан үйлесімін тапқан берекелі де, баянды істің көрінісі екені анық.

Демократиялық жолмен дамуды үлгі тұтқан моңғол елінде қазірдің өзінде 100 мыңнан астам қазақ өмір сүріп жатыр. Бұлардың дені Бай-өлке аймағында тұрады. Аймағымыз Қазақстан елі тәуелсіздік алған күннен бастап атажұртымен байланыс орнатып, шетел қазақтары арасынан алғашқы болып көш бастады. Аймақ орталығы Өлгей қаласында қазақстандық телеөнімдердің барлық арнасы көрсетіліп тұр. Жас жеткіншектер «Балапан» телеарнасы арқылы тіл сындырып, ұлттың рухани қазынасымен қауышса, үлкендер әр күнгі саяси өзге­ріс­тер мен жаңалықтарды қалт жібермей қадағалауда. Өйткені, Қазақстан бар қазақ­тың – темірқазығы. Біздің моңғолиялық қазақ ағайындар әзірге өздерінің ана тілінде білім алуға шарт-жағ­дай жасалған. Дейтұрғанмен бо­лашақта Қазақстанның Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, білім берудің кешенді жобаларын іске асыра алсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Сол сияқты, алдағы күндері Қазақстан-Моңғолия елдерінің дипломатиялық жақсы қарым-қатынасын пайдаланып, болашақта бірлескен шағын кәсіпорындар ашу жолға қойылса, екіншіден, Қазақстан тарапынан шетелдегі жастарға бөлінетін жоғары білім грантының үзілмеуін, қайта 4 пайызға көбеюін қалаймыз. Бұл мәртебелі басқосу барысында жалпы қазаққа ортақ келелі мәселелер талқыланады деген үміт бар. Әсіресе, қазақтар қалың шоғырланған өлкелерге консулдық қызмет орындарын ашу арқылы шеттегі қазақтарды атажұртына қоныстандыру жүйесін жасап, оралманды құжаттандару ісін сол жақта шешкен жөн сияқты.

Құрылтай құтты болсын ағайын!

Тегтер: құрылтай, дүниежүзі қазақтары, қазақ
Авторы: Бәкей АҒЫПАРҰЛЫ, академик, Моңғолия Ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының вице-президенті, "Егемен Қазақстан" газеті

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ