Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Үкімет отырыстарының орыс тілінде өтуі – заңсыз!

28.6.2017 2846
Белгілі журналист Марат Тоқашбаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Үкімет отырысының орыс тілінде өтуі – заңсыз» деп жариялады. Жазба өзекті һәм ой салатын болғандықтан оқырманмен бөлісуді жөн санап отырмыз.

Қазақстан Конституциясының 7-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi» екендігі тұжырымдалып, 2-тармағында «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деп көрсетілгенін білеміз. Назар аударыңыздар, Үкімет мемлекеттік ұйым емес, ол – мемлекеттік орган. Мемлекеттік ұйымдар дегеніміз министрліктер мен ведомстволардың өз міндеттерін жүзеге асыру үшін құрған ұйымдары. Айталық, ауыл шаруашылығы министрлігі – мемлекеттік орган болса, ол құрған ветеринариялық қызмет – мемлекеттік ұйым саналады. Орыс тілінің ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны туралы норма міне, осындай тек екінші деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарға ғана қатысты.

Қазақстан Конституциясының 64-бабының 1-тармағында «Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды» десе, 2-тармағында «Үкімет алқалы орган болып табылады» дейді. Яғни «атқарушы органдардың жүйесін басқаратындығын» әрі «алқалы» екендігін ескерсек Ата заңымыз Үкіметтің орган екендігін дәлелдеп тұр. Анау-мынау емес – мемлекеттік орган! Үкіметтің мемлекеттік ұйым емес МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН болуы себепті оның мемлекеттік тілде емес басқа тілде жұмыс істеуі, Үкімет отырыстарын орыс тілінде жүргізуі Конституцияға қайшы әрекет! Үкімет отырыстары орыс тілінде өтсін деген конституциялық норма еш жерде жоқ. Яғни бұл заңсыздық! Мұндай қателіктер жедел түзетілуге тиіс!

Бұған қосымша, мынандай жағдайды ескеру қажет. Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы заңның 4-бабында "Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» екендігі баяндалған. Сондай-ақ Үкіметтің Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға міндетті екендігі айтылған. Оның үстіне ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23-ақпандағы №3 қосымша қаулысында: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді» деген тұжырымы тағы бар. Бұдан шығатын қорытынды Мемлекеттік орган тек мемлекеттік тілде ғана жұмыс істеуге тиіс!

Бақытжан Әбдірұлы, қателік қашан түзетіледі?!

Тегтер: Үкімет отырысы, мемлекеттік тіл, Қазақстан Конституциясы
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ