Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Құрметті оқырман!

5.7.2017 2329
Жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып қазақ тілінің қолданылым аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы республикалық КТК (КВН) ойынын өткізеді. Жылдың басты тіл фестивалін ерекше ұйымдастыратын идеяңыз бен креативті ойларыңыз болса, бізбен бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. Ол үшін төмендегі талаптармен танысып шығыңыз.

1. Іс-шараның тұжырымдамасын әзірлеу;

2. Байқаудың медиа-жоспарын дайындау;

3. Хронометражы 90 минуттан кем емес телетүсіріліммен қамтамасыз ету, бейнежазба дайындау, өңдеу және республикалық телеарнадан көрсету;

4. Көрнекі ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету;

5. Сала мамандарымен, қазылар алқасымен қамтамасыз ету;

6. Байқаудың өтетін орны мен сахнаны безендіру;

7. Техникалық құрал-жабдықтармен (лэд экран, декорация, фитодизайн, фото, бейне қызметтерімен, т.б.) қамтамасыз ету;

8. Астана, Алматы қалалары мен облыстар бойынша 10-нан кем емес команданың қатысуын қамтамасыз ету;

9. Сыйлық қорымен қамтамасыз ету;

10. Қатысушыларды қонақүй қызметімен және іссапар шығындарымен қамтамасыз ету

Ұсыныс беру тәртібі:

1. «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ директоры Е.Тілешовтың атына ұсыныс хат;

2. Ұсыныстың word форматындағы нұсқасы мен аннотациясы;

Ұсыныстар ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін қабылданады.

Ұсынысты мына мекенжайға: Астана қаласы, Сауран көшесі, 7 А немесе tilalemi.kz@gmail.com электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

Қазақ тілінің болашағы үшін бірлесе жұмыс жасайық!

Сұрақтар бойынша 8(7172) 279836 нөміріне хабарласыңыз.

Тегтер: КТК, КВН, мемлекеттік тіл, КТК ойындары, тіл фестивалі
Авторы: «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ