Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Үздік сабақ» байқауы жарияланды

4.8.2017 8050

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК «Үздік сабақ» байқауын жариялайды.

Байқау мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданысқа енгізу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақ тілін оқытудың креативті тәсілдерін қолданған сабақ авторы байқау жеңімпазы болады және үздік сабақ тәжірибеден өткізіліп, оқыту орталықтарында жүйелі методикаға айналады.

Байқауға республикалық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мектеп мұғалімдері және әуесқой мамандар мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдерін ұсына алады. Сабақ үлгілері ағымдағы жылдың 7 қыркүйегіне дейін (tilalemi.kz@gmail.com электронды поштасына) қабылданады.

Мемлекеттік тілдің қолданылым аясын кеңейтіп, меңгергендер санын арттыруға үлес қосуға шақырамыз!

Байқау ережесі:

Байқауға қатысу үшін жазбаша өтінім 2017 жылдың 7 қыркүйегіне дейін мынадай құжаттармен бірге қабылданады.

Байқауға қатысу туралы өтінім;

Сабақтардың видео, аудио немесе «Word» форматындағы электрондық нұсқасы(байқауға қатысушы 1-3 материал ұсына алады);

Ұсынылған материалдардың «Tilalemi.kz» порталындағы «Үздік сабақ» айдарына орналастырылғандығын растайтын құжат (скриншоттар немесе сілтемелер).

Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім байқауға қатыстырылмайды.

Орталыққа ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Қорытынды ережелер

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін білікті тіл мамандары, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінен қазылар алқасы құрылады. Оның құрамын Орталық анықтайды. Сонымен қатар портал арқылы дауыс берген оқырмандардың да пікірі ескеріледі.

Байқаудың жеңімпаздары Тілдер мерекесіне орай марапатталады.

Байқаудың жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның интернет-ресурстарында орналастырылады.

010000, Астана қаласы, Сауран к-сі, 7А, «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК, «Үздік сабақ» республикалық байқауына» деген белгімен.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 279836

«Үздік сабақ»

республикалық байқауын өткізу

жөніндегі қағидаларға қосымша

«Үздік сабақ» республикалық

байқауына қатысу үшін өтінім

Т.А.Ә. _______________________________________________________

Жасы _______________________________________________________

Жынысы____________________________________________________

Білімі________________________________________________________

Жұмысы______________________________________________________

Мекенжайы___________________________________________________

Байланыс телефондары_________________________________________

Қосымша ақпарат _____________________________________________

Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)

Ескерту! Материалдарыңызды «Tilalemi.kz» порталындағы «Әдіскерге көмек» айдарына орналастыру үшін tilalemi.kz@gmail.com электронды поштасына жолдаңыздар.

Тегтер: Үздік сабақ, байқау, әдістеме, мемлекеттік тілді оқыту методикасы
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ