Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жүзден жүйрік анықталды

21.9.2017 2929
Ақтөбе қаласында өткен республикалық "Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің" байқауында Гүлзат Қайыргелді бас жүлдені жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқауда ел аумағындағы 300-ден астам жас бақ сынады.

Аудандық, қалалық, аймақтық іріктеуден іркілмей өткен 15 көркемсөз оқу шебері бүгін Ақтөбе қаласында ақтық сайыста өнер көрсетті. Байқау шартына сай алғашқы айналымда үміткерлер қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқыса, екінші кезеңде поэзиялық шығармаларды көркемсөз оқу талаптарына сай орындап шықты.

Қатысушылардың өнері мен білім деңгейін ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы төрағалық еткен қазылар алқасы бағалады. Қазылар шешімімен Ақмола облысының намысын қорғаған Гүлзат Қайыргелді бас жүлдені иемденіп, 300 000 теңгенің сертификатын ұтып алды.

- Байқау өте жоғары дәрежеде өтті. Барлық қатысушылар өте талантты, дарынды. Расын айтсам, қазылар алқасының таңдауы маған түсетіндігіне де күмәнді болдым. Десе де, еңбегім бағаланып, жоғарғы нәтиже көрсеткендігі қуантады. Тілектестік білдірген барлық көрерменге алғысымды айтамын,- дейді Г.Қайыргелді. Жүлделі І орынға Ділдә Хайран (Қостанай облысы) лайық танылса, ІІ орынды маңғыстаулық Әлібек Тағабердин еншіледі. Үздіктер үштігін Мейіржан Әлбеков (Шығыс Қазақстан) пен Оразбек Бахатхан (Павлодар) түйіндеді. Нұрсұлтан Отар, Әйгерім Байысбек, Жанар Нақоваларға ынталандыру сертификаты мен 50 000 теңге табысталды. Барлық байқау қатысушылары Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының "Алғысхатымен" марапатталды.

Тегтер: Абай оқулары, көркемсөз оқу шеберлері, қара сөз, Абай
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ