Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақы әліпби жасап шығару ісіне жаңаша көзқараспен келуіміз қажет

26.9.2017 2323
Латын әліпбиіне көшу елімізде қызу талқылануда. Маңызды мәселеге қатысты еліміздің өңірлеріндегі тіл мамандары, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері өз ойларын білдіруде. Осы тақырып төңірегінде «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблевпен сұхбаттасқан едік.

- Қоғамдық резонанс тудырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні неде?

- Әлемге әйгілі ойшыл Генри Фордтың «адам өзгеруін тоқтатқан кезде өледі» деген сөзі бар. Демек, біздің алдымызда халықаралық талаптарға толықтай жауап беретін жаңа мемлекет қалыптастыру міндеті тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесін қозғауының астарында да үлкен философиялық, стратегиялық мән жатыр.

- Айтуыңыз орынды. Десе, қаріп тақырыбына байланысты пікірлер ортақ арнаға тоғысып жатыр деу қиын…

- Қалай десек те, осы жылдың аяғына дейін латын графикасының жаңа үлгісін қабылдауымыз қажет. Осы мәселе сәуір айында төтесінен қойылған кезде, «бұл мүмкін емес. Еш үлгермейміз де. Алдымен кешенді дайындық жұмыстары керек» деген пікірлер айтылды. Бірақ, міне арада аз уақыт өтті. Әліпби үлгісі Парламент деңгейінде талқыға түсті. Ендігі міндет, меніңще қазақ тілінің табиғатын айқындап тұратын «ұ», «ү», «і», «ө», «ғ», «ң», «қ» сынды әріптерді дұрыс таңбалау. Яғни, әліпби жасаған уақытта осынау ерекше қаріптердің дұрыс дыбысталуын басты назарда ұстау қажет. Және бұл мәселеге ғалымдар ғана емес, жастар да тікелей араласуы керек. Әйтпесе, біз көп жағдайда жастардың пікірін ескере бермейміз. Яғни, латын графикасына негізделген қазақы әліпби жасап шығару ісіне жаңаша көзқараспен келуіміз қажет.

- «Латын әліпбиі енгізілсе, орыс тілі тасада қалады» деген пікірлер де жиі айтылып жүр. Осы мәселеге байланысты сіздің ойыңызды білсек.

- Меніңше, мұндай пікірлер негізсіз. Әңгіме жазба қазақ тілін латынға ауыстыру туралы болып отыр. Орыс мектептерін жабу, орыс тілінде ақпарат таратуға тыйым салу сынды мәселелер мүлде қозғалып отырған жоқ қой. Ендеше, қарап отырып дүдараздық туғызудың қандай жөні бар? Латын әліпбиіне көшу тек қана қазақ халқының мәселесі емес. Бұл – қазақстандықтардың барлығына ортақ жағдай. Демек, түсіндіру, ақпараттық насихат жұмыстарына Қазақстан халқы Асссамблеясы құрылымы да тікелей араласуы тиіс. Жалпыхалықтық деңгейге көтерілген әліпби ауыстыру бастамасы табысты нәтижеге, ғаламдық өркениетке бастайтынына сенемін.

- Әңгімеңізге рахмет!



Тегтер: латын, латын графикасы, латын әліпбиі, таңба
Авторы: Баян ЖАНҰЗАҚОВА, "Жас қазақ" газеті​

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ